Жалған шот-фактура жазған жігіт жеті жылға сотталайын деп отыр

Хабар 24
Тергеу барысында айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге салынған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭТД бірлесіп, екі жылдан астам уақыт бойы іздеуде болған Петропавл қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоғарыда аталған тұлғаға қатысты 2018 жылдан бастап ЖШС атынан аса ірі көлемде нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Осыдан бұрын алдын ала тергеу барысында айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге салынған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, Петропавл тұрғыны меншікті тәркілей отырып, жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді