Байден: Трамп жүгін жинай берсін

Reuters
Сайлаудың ресми қорытындысы бірнеше күннен кейін шығады.

Байден жеңіске жететініне сенімді. Питсбургте сайлаушыларымен кездескен ол: "Трамп жүгін жинай берсін. Оның Ақ үйден кететін уақыты келді", деп сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Әзірге әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, демократты қолдайтындар саны басым. Бірақ бұл – жеңіс Байденнің қолында деген сөз емес. Сайлаушылар алқасы беретін дауыс үлкен маңызға ие. Осы күнге дейін 100 млн-нан аса азамат күні бұрын таңдау жасап үлгерген. Мұндай жағдай ел тарихында болған емес. Дегенмен, сайлаудың ресми қорытындысы бүгін, ертең емес, бірнеше күннен кейін шығады.

Себебі пошта арқылы берілген дауысты санауға ұзақ уақыт кетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады