Тоқаев: Сот жүйесінің басты басымдығы азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру болуы тиіс

Ақорда
Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.

Жақып Асанов биылғы жылдың 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының 15-ші кеңесінің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев