Ақтөбе облысында мыңдаған отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды

Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл мақсатқа 6,5 млрд теңге қарастырылған.

Ақтөбе облысында 2020 жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңірде тұрғын үй құрылысы саласының қарқынды дамуы байқалады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы белсенді дамып, "Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 558 мың шаршы метр баспана (3 785 пәтер) пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 млн шаршы метр (7 200) пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Ал "7-20-25" бағдарламасы бойынша шамамен 1 400 өтінім мақұлданды.

"Тұрғын үй кезегінде 31,2 мың адам тұр, оның ішінде 16,5 мыңы – халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, 2,8 мыңы - көп балалы отбасы. Ағымдағы жылы 1 084 отбасына пәтер беру жоспарлануда, 485 отбасы тұрғын үй алды, оның ішінде 222 - халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, 236-көпбалалы отбасылар. Бұл мақсатқа 6,5 млрд теңге қарастырылған. Келесі жылға 1,1 млн м2 тұрғын үйді немесе 7 500-дей пәтерді пайдалануға беру жоспарланған",- деді спикер.

Пандемияға байланысты ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қызметтерге шекті тарифтер 20% - ға, аудандар бойынша 50% - ға, электр энергиясын тұрмыстық мақсаттарда пайдаланатын тұрғындардың топтары үшін облыс бойынша электрмен жабдықтауға 10% шегінде төмендетілді.

Облыста халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Елді мекендерді сумен және газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асырудың қорытындылары бойынша осы жылдың соңына дейін халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау 95,8% – ды, газбен жабдықтау 91,3% - ды құрайды.

2021 жылы 12 елді-мекеннің тұрғындарын ауыз сумен, 8 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру жоспарланып отыр, жоба құны 4,8 млрд теңге.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты