Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

Ақорда
Кездесу қорытындысы бойынша Мәскеу декларациясы және басқа да бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қараша күні видеоконференция форматында Ресей Федерациясының төрағалығымен өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатқысы Берік Уәли мәлім етті.

Саммиттің күн тәртібінде коронавирус пандемиясының әлемнің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген кері әсері кезінде Ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басым бағыттары қарастырылады деп жоспарланып отыр. ШЫҰ елдерінің басшылары халықаралық және аймақтық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Сонымен қатар жиында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш бейне үндеу жасайды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мәскеу декларациясы және басқа да бірқатар құжат қабылданады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады