ХҚО-лар қазақстандықтарды жұмыс сапасын бағалауды сұрайды

Азаматтарға арналған үкімет
Келушілер оның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жайттар бойынша өз пікірлерін қалдыра алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Келушілер оның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жайттар бойынша өз пікірлерін қалдыра алады. Бүгінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс сапасын бағалап үлгерді.

Еліміздегі 339 бөлімнің әрқайсысында келушілер QR коды орнатылған стендтерді таба алады. QR кодты оқып-танитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер смартфондағы сауалнама парағына бірден өтеді. Азаматтар онда оператордың жұмысына көңілі толғанын, қызметті алу ыңғайлы болған/болмағанын, қажет ақпаратты ала алғанын айтып бере алады. Сонымен қатар қызмет алушылар өздерінің тілек-пікірлерін фронт-офис фотосуретін немесе бейнесін жүктеу арқылы да білдіре алады.

Аталған кері байланыс келушілердің мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы пікірін білу және олардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін қажет. Сондай-ақ сауалнама нәтижелері бөлімдердегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, сауалнама сұрақтарына мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми интернет-ресурсындағы "Кері байланыс" бөліміне өту арқылы да жауап беруге болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда