"Қазгидромет" РМК 12-14 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
12-14 қараша аралығында Қазақстанның көп бөлігі солтүстік циклонның ықпалында болады. Ойысып келген бұлт көшкіні өзімен бірге қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынды ала келеді, еліміздің оңтүстік және шығыс бөліктерінде жауын-шашын күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік өңірде жел күшейеді, бұл қарлы боранның пайда болуына ықпал етеді деп күтілуде.
11 қарашада еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды:
Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, қарлы бұрқасын жүреді, желдің күндізгі екпіні секундына 23 метрді құрайды.
Ақтөбе облысында тұман мен көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, қар бұрқасындатады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен қатты жел соғады: 23 м / с.
Жамбыл облысында тұман түсіп, су бетіне мұз қатады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ойысады, кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м / с, тағы бір жерлерде - 23-28 м / с. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр).
Батыс Қазақстан облысында қар жауып, тұман түседі, көктайғақ бооады. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м / с.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 25 м / с.
Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ, болады, жел бұрқасындатады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні - 15-20 м / с.
Қызылорда облысында кей жерлерде секундына 5-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м / с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (негізінен қар) түсіп, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м / с құрайды.