Нұр-Сұлтанда бірыңғай тұрғын үй орталығы ашылды

astana.gov.kz
Орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс атқарады.

Елорда тұрғындары үшін тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

"Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды! (Республика даңғылы, 32). Бұл орталықта тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер бойынша және т. б. мәселелерге қатысты кеңес алуға болады. Бұл орталық қала тұрғындары үшін ыңғайлы, себебі олар тұрғын үй мәселелері бойынша қаланың әр ауданында орналасқан инстанцияларға бармай-ақ бір жерден кеңес ала алады. Орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс атқарады. Бөлінген аумақтың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады, қызметтерді арнайы мамандар көрсетеді. Күн сайын орталық 300-ден астам қала тұрғынын қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты. Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың жазында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар қала тұрғындарына әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Осы уақыт ішінде орталыққа 40 мыңға жуық адам жүгініп, көмек алды", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды