Ауыл балалары мектепке бару үшін автобекетке дейін 3 шақырым жаяу барып жүр

иллюстрация үшін алынды
Жолдан алыс жатқан ауылдың бірі - Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қыпшақ саяжайы.

Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданына қарасты Қыпшақ саяжайының 400-ге тарта баласы қалаға қатынап оқиды. Алайда автобус бекетіне дейін олар 3 шақырым жаяу жүреді. Аудан әкімі балалар үшін барлық жағдайды жасаймын деп уәде берген. Бірақ, сөзінде тұрмады, дейді тұрғындар, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сымбат ЫСТЫБАЕВА, ҚЫПШАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біздің саяжайға мектеп автобусы тек бір-ақ рет кірді. Содан соң алып тастады. Бізге трасса алыс. Сондықтан қоғамдық көліктің саяжай ішіне қатынағаны дұрыс болар еді.

Тұрғын мәселесіне байланысты тікелей эфирде телеарна тілшісі өңірдің құзырлы органына хабарласып, ауыл тұрғындарына берген уәделерін неге орындамай жүргенін сұрады.

Динара ТӨЛЕМІСОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Бұл мәселе аудан әкімінің назарында. Қазір саяжайға автобус кіргізу жайлы хат дайындап, МАИ қызметкерлеріне жолдадық. Шамамен бірнеше аптада мәселе толықтай шешіледі деп сенеміз.

Сұхбатыңызға рақмет! Айтылған уәделерді жуық арада орындайды деген сенімдеміз. Шешілгенше бұл мәселені біз өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған мәселе болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Хат жазыңыз, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты