Путин Байденді неге құттықтамай жүргенін түсіндірді

Кремлдің баспасөз қызметі
АҚШ-тағы сайлауда берілген дауыстар әлі саналып біткен жоқ.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенттігіне кандидат Джо Байденге Мәскеу тарапынан құттықтау жолданбай жатуының астарынан қандай да бір ілік іздеуге ешқандай негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

- Бұл біздің біреуді ұнатып немесе біреуді жақтырмай жатыр деген сөз емес, біз тек ішкі саяси текетірестің аяқталуын күтіп отырмыз, - деді Путин.

АҚШ-тағы президент сайлауы 3 қарашада өтті, бірақ бюллетеньдерді санау сайлауға қатысушылардың рекордтық көрсеткіші және 100 миллион сайлаушының пошта арқылы дауыс беруіне байланысты кешіктірілді. АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің есептеулеріне сүйене отырып, демократ Джо Байденді саяси доданың жеңімпазы деп атады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды