Тоқаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды

Ақорда
Кепілдендірілген трансфертті әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов республикалық бюджет трансфертінің мөлшері мына көлемді құрайтынын айтқан: 2021 жылға - 2 700 миллиард теңге, 2022 жылға - 2 400 миллиард теңге, 2023 жылға - 2 200 миллиард теңге.

Сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың мақсатты бағыты да анықталды.

"Кепілдендірілген трансфертті әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады. Тиісінше, даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансфертті тарту ұсынылады", — деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады