Диего Марадона өмірден озды

Қазан айының соңында оның миына ота жасалып, 11 қарашада үйіне босатылған.

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

ESPN спорт порталының хабарлауынша, ФИФА оны "Ғасыр ойыншысы" деп атаған, яғни "Ғасыр Адамы".

Қазан айының соңында оның миына ота жасалып, 11 қарашада үйіне босатылған, ал кеше - 26 қарашада кешкісінің қаралы хабар тарады. 30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты.

Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткі тәуелділігінің салдары кедергі болғаны айтылып отыр. 2018 жылы ФИФА сайтындағы дауыс беруге сәйкес, Марадона ХХ ғасырдың үздік футболшысы атанды. Ол "Архентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс", "Барселона", "Наполи", "Севилья" және "Ньюэллс Олд Бойз" клубтарында ойнады. 91 матч өткізіп Аргентина құрамасы сапында 34 гол соқты. Диего Марадона 1986 жылы футболдан әлем чемпионы атанды. Марадона Аргентина құрамасы, аргентиналық "Расинг" және "Химнастия" клубтарының бапкері болды. Бұдан бөлек, "Аль-Васл" және "Аль-Фуджайра" араб клубтарын жаттықтырып үлгерген. Аз уақыт белорустық "Динамо Брест" клубының президенті болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: