ҚХР Парламентінің төрағасы: Елбасы - халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер

Ж.Құспанов
Ли Чжаньшу қос ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады.

Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық деңгейдегі жоғары беделін және оның еліміздегі тарихи рөлін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Конференция қатысушыларына сөз арнаған Ли Чжаньшу Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру, оның саяси жүйесін жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегіне тоқталды.

"Тұңғыш Президент Назарбаев - халықаралық қоғамдастықтағы беделді саясаткер болумен қатар, қытай халқының тілеулес досы ретінде ұзақ уақыттан бері қытайлық-қазақстандық тату көршілік және достық ынтымақтастықты нығайтып, Қытайда жоғары беделге ие болып келеді", - деді Қытай Парламентінің Спикері.

Ли Чжаньшу қос ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, оның екі ел халқына да тиімді екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Тұрақты комитеттің төрағасы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік жан-жақты дамыту мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі