Жоба мақсаты Қарағанды облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету бойынша көмек көрсету.
Жобаға волонтерлік негізде өтім берген 123 – ге жуық білікті ұстаздар бар білгенімен бүгінгі күні арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Елді мекеннің 1297 оқушысы белсенді қатысып өз білімімен, білігін шындауда.
Жоба бойынша жеткен жетістіктер ағылшын тілін "English for everyone" оқыту 292 – ге жуық жоғары сынып оқушылары, 20 волонтер-оқытушы жұмыс атқарды. Курс барысында түрлі ынталандыру әдістері арқылы оқушылар бойында тілді меңгеруге деген қызығушылық артуда. Соңымен қатар жобада Болашақ бағдарламасының түлегі Қарқаралы ауданының әкімі Дюсетаев Эльдар Серікұлы жобаның волонтері ретінде әр жексенбі күні жүйелі түрде "English club" кездесулер ұйымдастыруда. Курс барсында 10 – нан аса "Болашақ" бағдарламасының түлектері мен кездесулер өтті.
Құқықтық сауаттылық оқыту курсына 402 оқушы қатысып, баланың құқықтары мен міндеттері, отбасы және бала, бала және қоғам, балалардың тұрмыстық қауіпсіздігі бойынша мамандардан кеңес алды.
ҰБТ пәндері бойынша 200 оқушы курстардан өтті.
Компьютерлік сауаттылық бағыты бойынша 350 оқушы қатысып, компьютерлік сауаттылықтың негіздерін толықтай үйреніп шықты.
Жобаның келесі бағыты пәндік олимпиядаға және ғылыми жобаларға 50 оқушы қатысты. Нәтижелерімізде көніл қуантарлық. Бүгінгі күні физика бағыты бойынша Республикалық ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңінде оқушымыз Бекмұрат Диас жүлдері бірінші орынды иеленді.
Біргеміз жобасының волонтерлері ары қарай волонтерлік қызметті жалғастыруға ниетті!
Қарағанды облысы бойынша жобаны жүзеге асырған Азамат қоғамдық бірлестігі.