Нығматулин: Қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігін көрсетуге міндетті болмайды

Ж.Құспанов
Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында осы мазмұндағы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырыс өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды. Атап айтқанда, депуттардың бастамасымен әзірленген жол жүрісі мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, заң жобасында жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы құжатты жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, қазіргі ақпараттық технологиялар кеңінен дамыған цирфлық кезеңде жүргізушілерден тиісті құжаттарды талап ету, ол – қажетсіз.

Себебі, полиция жүргізуші мен оның көлік құралы туралы барлық қажетті ақпаратты жеке куәлік негізінде электрондық мәліметтер қорынан таба алады.
Айта кету керек, түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды