Алдағы үш-алты ай бойына әлемде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша тапшылық орын алады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы сәрсенбіде Twitter-дегі сессияда сұрақтарға жауап беру кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан мәлім етті.
- Вакцина көпке жетпейді, бұған адамдар түсіністікпен қарауы керек, кем дегенде үш-алты ай шыдау керек, осы уақыт аралығында ауру санының жаңа өсіміне жол берілу қаупі жоғары, - деді ол.
Сарапшы вакцина пайда болғанға дейін коронавирустың жаңа толқынының пайда болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан, оның айтуынша, профилактикалық санитарлық шараларды қатаң сақтау маңызды.
Бұған дейін ДДҰ өкілі Тарик Язаревич ұйым коронавирусқа қарсы вакциналар "2021 жылдың екінші немесе үшінші тоқсанында таратыла бастайды" деп болжап отырғаныдарын айтқан. "Вакциналардың шектеулі саны жоғары қауіпті топтарға 2021 жылдың бірінші тоқсанынан бастап қолжетімді болуы мүмкін", - деді ол. Бұл алғашқы дозалар шектеулі болатындықтан, ДДҰ өкілі бұл арада денсаулық сақтау қызметкерлері мен қарт адамдар сияқты әлсіз топтарға басымдық беру керек екендігін айтты.