Коронавирусқа қарсы вакциналар тиеген жүк көлігі суретке түсіп қалды

Айырықша топқа жатқызылған адамдарға екпе салу бірнеше күннен кейін басталады деп жоспарланған.

Pfizer компаниясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясын тиеген жүк көліктері Ұлыбритания көшелерінің бірінде суретке түсірілген, деп хабарлайды zakon.kz Unilad-ке сілтеме жасап.

Pfizer компаниясының Ұлыбританиядағы менеджері Бен Осборн тауарды тасымалдау кестесі бұрын әзірленгенін, ал бұл жүк сол кестеге сай жеткізіліп жатқанын айтты.

- Процесс басталды. Жақын күндері шамамен 800 000 дозаны жібереміз деп жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Ұлыбритания - Pfizer-дің коронавирусқа қарсы вакцинасын жалпыға қолдануға мақұлданған алғашқы ел. Дәрі-дәрмек пен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу агенттігі (MHRA) коронавирусқа қарсы 95% қорғауды қамтамасыз ететін вакцинаның қауіпсіз екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: