Қолдан көлік аларда оның тіркеу туралы толық тарихын білуге болады

aet.ua
Бұл сервистер тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін жақын арада халықтың пайдалануына ұсынылады.

Көлікті сатып алмас бұрын автокөліктің тіркелуіне қатысты толық тарихын ІІМ-ден білуге болады, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қараша айында ІІМ ақпараттық жүйелерінде азаматтарға ақпараттық қызметтердің жаңа түрлерін ұсыну бойынша сервистер әзірленді.

Атап айтқанда, жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарының болуы, оларға кепілдер мен ауыртпалықтар туралы анықтамаларды электрондық түрде алуға болады. Сондай-ақ, азаматтар автокөлікті сатып алмас бұрын оның тіркелуіне қатысты толық тарихын көзімен көріп, сұратып ала алады.

Бұл сервистер "электрондық үкімет" порталында "ҰАТ" АҚ тарапынан тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін жақын арада халықтың пайдалануына ұсынылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді