Алматы көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды

Алматы қаласының әкімдігі
21 желтоқсанға 596 техника бірлігі және 1610 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алматы қаласында 20 желтоқсан күні сағат 13.30-да жауа бастаған қар үзіліспен сағат 21.00-ден әлі де жалғасуда. 21 желтоқсан сағат 6.00-дегі жағдай бойынша қалаға 6 см-ге дейін, таулы аймақтарға 8-10 см қар түскен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4100 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жаяу жүргіншілер аймақтары мен таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Таңғы сағат 6.00-де 230 текше метр қар қар үйінділеріне шығарды.

21 желтоқсанға 596 техника бірлігі және 1610 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз -6, кешке қарай -8, қар күннің бірінші жартысында тоқтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді