Азамат Асқарұлы "QazTrade" АҚ Бас директоры болып тағайындалды

primeminister.kz
Бұған дейін Үкімет қаулысымен А.Асқарұлы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылған.

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы "QazTrade "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен А.Асқарұлы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.

Азамат Асқарұлы - Талдықорған қаласының тумасы, 1984 жылы туған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Самұрық-Қазына-Инвест" ЖШС-да бастады және келесі қызметтерді атқарды:

- Қаржы департаментінің бас менеджері (2009-2010 жж.);

- Халықаралық қатынастар және мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен жұмыс департаментінің директоры (2010-2012 жж.);

- Халықаралық қатынастар департаментінің директоры (2012-2014 жж.).

Сонымен бірге "Қазақстан темір жолы Экспресс" АҚ Әуетасымалдары департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді (2016-2019 ж.ж.).

Сонымен қатар, еңбек өмірбаяны шетелде жұмыс істеуді қамтиды.

2014-2016 жылдар аралығында "KTZ Express Hong Kong" ЖШҚ (Гонконг қ., ҚХР) басқарды.

Ол:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Халықаралық қатынастар" біліктілігімен, 2006 жыл;

- Гарвард университетін (Кеннеди атындағы мектеп) "Мемлекеттік саясат" біліктілігімен, 2009 жыл;

- Гонконг ғылым және технология университетін, "Іскерлік әкімшілік магистрі" біліктілігімен, 2016 жыл бітірді.

Осы тағайындауға дейін 2019 жылғы 9 шілдеден бастап Азамат Асқарұлы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты