Қазақтың жері ешқашан сатылмайды – Тоқаев

Марат Телеуов / regnum.ru
Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет.

Қазақтың жері ешқашан сатылмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы бас басылымда жарық көрген "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазақстан – біртұтас мемлекет. Еліміз оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс деп бөлінбейді. Бұл – тек бағытты білдіретін шартты атаулар. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілді. Тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халық бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдады. Өйткені, мұндағы шежірелі шаһар ғана емес, тұтас өңір көне замандардан бері Түркістан деп аталған. Осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болады. Біз мұндай қадамдарды байыппен жасаймыз", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Жерге байланысты мәселелерді де атап өтті.

"Бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет", - деді Президент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды