Қадыров оңбай сүрінген Трампты қағытып, бір жасап қалды

Шексіз ұлы Құдірет әділеттілікті қалпына келтіріп, маған кигізген кебінді бүлікші Дональд Трамптың өзіне кигізді - Қадыров.

Марк Цукерберг Америка Құрама Штаттарында толқулар болып жатқан тұста Дональд Трамптың әлеуметтік желілеріне хат жазу қауіпті екенін және оның Facebook пен Instagram парақшалары белгілі бір мерзімге бұғатталғанын айтты. Рамзан Қадыров бұл жайтқа қатысты өз аккаунттарының бұғатталған кезін еске түсіре отырып, пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазір Трамп екеуміздің басымызға түскен жағдай біршама ұқсас. Құдай деген қалай ә, егер ол бұрын мені әлеуметтік желілерімді бұғаттаған болса, қазір шексіз ұлы Құдірет әділеттілікті қалпына келтіріп, маған кигізген кебінді бүлікші Дональд Трамптың өзіне кигізді, оның да желідегі парақшалары бұғатталды. Егер ол демократияны және адам құқығын құрметтейтін болса, мұндай ештеңе де болмас еді ... - деп жазды Қадыров өзінің телеграмм-каналында.

Цукербергтің айтуынша, "өткен 24 сағаттағы оқиғалар" Трамптың "сайланған президент Джозеф Байденге" биліктің бейбіт және заңды түрде өтуіне кедергі жасау үшін "өз құзыретіндегі қалған уақытты пайдаланғысы келгенін" көрсетті. Twitter-де Трампқа кем дегенде 12 сағат бойына жазба жариялауға тыйым салынды.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа келетін болсақ, АҚШ билігі оған 2017 жылдың желтоқсанында санкция салған. Ол "Магнитский заңына" сәйкес жарияланған санкциялар тізіміне енді. АҚШ Қаржы министрлігі санкциялардың қолданылуын АҚШ билігі Қадыровты "өлтіру, азаптау және басқа да ірі көлемдегі адам құқығын бұзу" үшін жауапты деп санайтындығымен түсіндірді, деп жазады РБК.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: