Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді

Depositphotos
Associated Press агенттігі инаугурацияға Дональд Трамп қатыспайтынын жеткізді.

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байден 20 қаңтарға белгіленген инаугурациясы алдында, өзі туып-өскен Делавэр штатында қоштасу сөзін сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Шара Джо Байденнің үлкен ұлы Джозеф "Бо" Байденнің есімі берілген Делавэр штатының Ұлттық гвардиясының үшінші резервистер орталығында өтті. 2007 жылдан 2015 жылға дейін Делавэрдің бас прокуроры қызметінде істеген Байденнің ұлы айықпас дерттен көз жұмған.

Сайланған президент пен болашақтағы бірінші ханым сейсенбі күні кешкісін Делавэр қаласының Нью-Кастл әуежайынан Мэрилендегі "Эндрюс" әскери базасына барып, ол жерден Вашингтонға келді. Сәрсенбі күні АҚШ-тың 46-президенті ант береді.

Associated Press агенттігі инаугурацияға Дональд Трамп қатыспайтынын жеткізді. Ақ үй Трамптың қоштасу видеосын Байденнің ұшағы "Эндрюс" әуе базасына қонып жатқан кезде жариялады. Трамп жаңа әкімшілікке барлық жақсылықтарды тілеген. Бірақ 20 минөттік сөзінде Байденнің аты-жөнін бірде-бір атамады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты