Сенат Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстанда кеңселер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Бұл келісімге 2020 жылы 28 қаңтарында Нұр-Сұлтанда қол қойылды. Келісім Халықаралық қаржы корпорациясы кеңсесі қызметінің негізгі ережелерін, сондай-ақ қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен иммунитеттерді белгілейді. Халықаралық қаржы корпорациясы 1956 жылы құрылды. Бұл ең ірі халықаралық даму институты, - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев Сенаттағы отырыста.
Оның негізгі қызметі жеке сектордың дамуына ықпал етуге бағытталғандығы атап өтілді.
Министр Халықаралық қаржы корпорациясы Дүниежүзілік банк тобына кіретіндігін еске салды. БҰҰ мамандандырылған мекемесі мәртебесіне ие.
Оның айтуынша, Халықаралық қаржы корпорациясының 104 елде кеңселері бар. Сонымен бірге аймақтық кеңселер әлемнің 13 қаласында, соның ішінде бізде Алматы қаласында ғана орналасқан.
Халықаралық қаржы корпорациясы Қазақстанда 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы кезеңнен бастап жалпы сомасы 1,6 млрд АҚШ долларынан астам жобалар қаржыландырылды, бұл Орталық Азияға салынған инвестицияның 70% құрайды. Осы келісім Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық кеңсесінің тұрақты жұмысына және жаңа инвестицияларды тартуға ықпал етеді. Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық сипатқа ие болмайды, - деп сөзін қорытындылады Ұлттық экономика министрі.
Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика министрі болып 18 қаңтарда тағайындалды. Ол бұған дейін вице-министр болған.