Маңғыстауда екі айлық сәби инсульт алды

Ербол Кенжевалов
10 қаңтарда баланың жағдайы тұрақтандырылды. Төтенше жағдайда оған екі сағатқа созылған краниотомиялық ота жасалды.

Маңғыстауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық баланы аман алып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Lada.kz сайтының хабарлауынша, 9 қаңтарда Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына ми қан тамырларының жарылуы (диагнозы инсульт) диагнозы қойылған сәби жеткізілген.

Екі айлық нәрестеге церебральды ісіну, дислокациялық синдром және I-II дәрежелі кома диагнозы қойылды.

10 қаңтарда баланың жағдайы тұрақтандырылды. Төтенше жағдайда оған екі сағатқа созылған краниотомиялық ота жасалды.

Мұндай жағдайда оң нәтижеге қол жеткізу сирек болады, бірақ біз баланы құтқарып қалдық. Қазіргі уақытта науқас травматология бөліміне ауыстырылды, оның жағдайы орташа, - дейді балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнинг ережелері әзірленді