Ақмола облысында кейбір нысандарға локдаун енгізілгелі жатыр

kokshetau.online
Атап айтқанда, діни ұйымдардың қызметіне тыйым салынады: мешіттер, шіркеулер, синагогалар және т.б.

2021 жылы 21 қаңтарда Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы" Қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, діни ұйымдардың қызметіне тыйым салынады: мешіттер, шіркеулер, синагогалар және т.б.

Сонымен бірге, алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлікке жатпайтын дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10-00-ден 22.00-ге дейін, ал келушілер саны ғимарат сыйымдылығының 30% көлемін аспауы тиіс деген шектеулермен толықтырылды. Олардың сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, супермаркеттер мен гипермаркеттердің жұмыс уақыты сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін шектеледі оларға да келушілер саны кісі толымдылығы деңгейінің 30% -нан аспауы тиіс. Онда орналасқан азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды есепке алынбағанда, сенбі мен жексенбіде жұмыстары тоқтатылады.

Құжаттың толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Қаулы 2021 жылғы 23 қаңтарда сағат 00 сағаттан бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты