Ұлттық банк жедел төлемдер жүйесін әзірлейді

24tv.ua
2020 жылы цифрлық қаржы нарығының негізін құру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ерболат Досаев жедел төлемдер жүйесі мен банкаралық төлем карточкалары жүйесін құру жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 2020 жылы коронавирус жағдайында және онлайн-қызметтерге сұраныстың артуы кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің 2,5 есеге артып, 35,3 трлн теңгеге жеткені байқалды.

2021 жылы жедел төлем жүйесі мен банкаралық төлем карточкалары жүйесін құру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл шараларды жүзеге асыру қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау шығындарын 2 есеге азайтуға, ел ішіндегі төлемдерді жеделдетуге және қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолдануды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп толықтырды Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, 2020 жылы цифрлық қаржы нарығының негізін құру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме