Семейдің Полиция басқармасына жаңа бастық келді

ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шалқар Құнанбаев тағайындалды.

Семей қалалық Полиция басқармасының жеке құрамына жаңа бастық – Шалқар Құнанбаев таныстырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тағайындалған жаңа басшыны ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев ресми түрде таныстырды.

Шалқар Құнанбаев 1971 жылы Семей облысының Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылында туған.

Құқық қорғау органдарында 1992-ші жылдан бері қызмет етіп келеді.

Әр жылдары Жезкент, Шар полиция бөлімдерінде бастық болды, Аягөз қаласы, Көкпекті, Бесқарағай және Зырьян аудандарында ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2018 жылдың қарашасынан бері Алтай аудандық полиция бөлімінде бастық болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды