ЕАЭО-дан тауар әкелу және жанама салықтар төлеу өтініші жаңартылды

31 қаңтарға дейінгі нұсқада ұсынылған Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер дұрыс деп есептеледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап жанама салықтар бойынша декларацияның күші жойылғанын хабарлайды (салық есептілігі нысаны 320.00).

Бұл шара салық есептілігін оңтайландыру және олардың қайталануын болдырмау мақсатында қабылданды.

2021 жылғы 31 қаңтарда салық төлеушілерге арналған "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" (СЕӨЖ) клиенттік қосымшасының 4.0.24 нұсқасына дейін және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына жаңарту жүргізілді. Осы жаңартуда 2021 жылға арналған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00) өзгертілген және орналастырылған.

2021 жылғы 31 қаңтарға дейін қолжетімді нұсқада ұсынылған Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер дұрыс деп есептелетініне назар аударамыз. Мұндай өтініштер бойынша жеке шоттарға таратуды Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 11 ақпаннына дейін жүргізеді.

Сондай-ақ, "тарату қатесі" мәртебесі бар салық есептілігін қабылдау туралы Хабарламалар қабылданған болып есептелетінін және дербес шоттарға тарату, жүйе өңдеген сайын автоматты түрде жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты жаңғыртуға дейін және одан кейін ұсынылған Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер енгізу талап етілмейді, сондай-ақ түзетілген ЭШФ жазып беру де талап етілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша МКК-нің байланыс орталығына 1414 немесе +7 (7172) 71-80-33 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: