Қор биржасында юанмен жүргізілетін сауда-саттық уақытша тоқтатылды

Pixabay
Қытай валютасының бағамы 10 ақпандағы сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 65,08 теңгені құрады.

Қазақстан қор биржасында (KASE) Алматы уақыты бойынша сағат 17: 00-де шетелдік валюта нарығының құралдары бойынша жүргізілген сауда-саттық жабылды. Оның қортыныдысы Қытай юанінде сауда болмағанын көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

KASE ақпаратына сәйкес, CNYKZT_TOM және CNYKZT_SPT құралдарының сауда-саттығы Қытай Халық Республикасында 11 мен 17 ақпан аралығында өтетін демалыс күндеріне байланысты өткізілмеген. Қытай валютасының бағамы 10 ақпандағы сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 65,08 теңгені құрады.

Долларға келетін болсақ, 11 ақпандағы сауда-саттықтан кейінгі бағамда аз-маз өзгеріс болды, яғни бір АҚШ доллары 0,09 теңгеге арзандап, 417,72 теңгені құрады. Евро құны да 0,25 теңгеге сәл төмендеп, 506,5 теңге болды. Ресей рублі 0,03 теңгеге шамалы қымбаттап, 5,66 теңгені құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды