Мишустин телефон арқылы Маминмен сөйлесіп алды

Интерфакс
Тараптар талай мәселені талқылап тастады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік, ғарыш салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және ЕАЭО шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларға, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді