Министр мен депутаттарға қашан екпе салынатыны айтылды

coronavirus2020.kz
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл кезең болжам бойынша, наурыз айының соңы және сәуірдің басы болуы тиіс.

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелеріне вакцина қашан салынатындығын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Олар мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежеде вакцинациялауға жатады. Ал бұл кезең медициналық қызметкерлер, мұғалімдер қауымы, әскери қызметкерлер толыққанды вакцинациялаудан өткен соң жүзеге асырылады, сонымен қатар өзге де мемлекеттік қызметкерлерге екпе салу көзделген, - деді бас санитарлық дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, бұл кезең болжам бойынша, наурыз айының соңы және сәуірдің басы болуы тиіс.

Біз ол кезде қолжетімді кез-келген вакцинаны қолданатын боламыз. Сірә, бұл - "Sputnik V" болады - деді ол.

1 ақпанда Қазақстанда ерік білдіргендерді жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Қазірдің өзінде 20 мыңға жуық медициналық қызметкер коронавирусқа қарсы екпе алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған