Алматыда 17 наурызға дейін қар аралас жауын-шашын күтілуде

sputnik.kz
Таңертеңнен бері қар тазалау жұмысына 564 арнайы техника бірлігі мен 1140 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Алматы қаласында қар жауу жалғасуда. Қалада 5-6 см, таулы аймақтарда 20 см-ге дейін қар жауды. Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Үш тәулік бойы көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Сағат 07.30-дағы жағдай бойынша көктайғаққа қарсы 3920 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Таңертеңнен бері қар тазалау жұмысына 564 арнайы техника бірлігі мен 1140 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

​Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді