"Өтірік" ақшалай сертификатқа қатысты әкімдік түсініктеме берді

gov.kz
Әкімдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдан кейін Айсұлу Күздібаевамен сөйлесіп, істің мән-жайын түсіндірді.

Ақтөбелік шенеуніктер көп балалы отбасыға неге пайдалануға болмайтын 2 миллион теңгенің сертификатын ұсынғанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

1 наурызда Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада көпбалалы ана Айсұлу Күздібаеваға облыс әкімі 2 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Кейінірек анықталғандай, ол сертификатты қолма-қол ақшаға айналдыру немесе пайдалану мүмкін болмай шықты.

Бүгін, 16 наурызда әкімдік Әзербайжан орталығы Күздібаеваға көмектескісі келгендігін түсіндірді. Ұйым оның пәтерін жөндеуге және жиһазға ақша беру туралы шешім қабылдайды.

Облыс әкімі Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болғандықтан, ол кісіден осы сертификатты табыстау сұралады. Сондай-ақ сертификатты табыстағаннан кейін, Күздібаеваға 2 миллион бұрын өзіне жұмсалған сома екені түсіндіріп, айтылған.

Сертификатта облыс әкімінің қол таңбасы да, мөрі де жоқ, ол арада облыс әкімінен деген жазу жоқ. Онда пәтерді жөндеуге жұмсалған біздің шығындар мөлшері көрсетілген. Сондықтан бұл бір түсінбестіктен туындаған ыңғайсыз жайт, - деп түсіндірді Әзірбайжан орталығының өкілі.

Әкімдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдан кейін Айсұлу Күздібаевамен сөйлесіп, істің мән-жайын түсіндірді.

Қазіргі уақытта жағдай шешілді, Күздібаеваның әкімдікке ешқандай талаптары жоқ, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды