Аида Балаева "Жас Алаш" газетін 100 жылдығымен құттықтап шықты

ҚР АҚДМ
"Жас Алаш" қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, халық сұранысына ие шыншыл басылымдардың бірі.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Жас Алаш" газеті редакциясының ұжымымен кездесіп, басылымның 100 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр ақпарат саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қайрат Матрековты, Алмас Нүсіпті, Сейсен Ұлықбек пен Нұрымжан Мауытовты "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапаттады және "Жас Алаш" газетінің басқа да қызметкерлеріне құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады.

А.Балаева газеттің 100 жылдығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі бұл мерейлі датаны атап өтуге ерекше мән қосатындығын жеткізді.

"Жас Алаш" қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, халық сұранысына ие шыншыл басылымдардың бірі", — деді министр.

Іс-шара соңында Аида Балаева басылымның барлық қызметкерлеріне кәсіби және шығармашылық табыстар тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды