2021 жылы мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Ашық дерекөздерден алынды
Сонда мамыр айында 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні бар.

Мамыр айында қазақстандықтар үш мемлекеттік мерекені атап өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар, демалыс күннің көп бөлігі екі мерекеге қатар түседі: Қазақстан халқының бірлігі күніне және Жеңіс күніне сәйкес, отандастырымыз әр мерекеде үш күннен демалады.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге сәйкес келгендіктен, жұмыс күні ауыстырылады, сонда үш күн демаламыз: 1, 2 және 3 мамырда.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бұл күн демалыс күні болып табылады.

9 мамыр - Жеңіс күні, жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс дүйсенбіге ауыстырылды. Сенбі - 8 мамыр да демалыс күні. Сонда біз 8, 9, 10 мамырда демаламыз.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы белгіленген қазақстандықтар - 1, 2, 3 мамыр, содан кейін 7, 8, 9, 10 мамыр демалып, 11 мамырда толықтай жұмысқа кіріседі.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар 1, 2, 7 мамырда демалады, ал 8 мамырда жұмыс істейді, 9, 10 мамырда қайта демалады. Жаңа жұмыс аптасы 11 мамырда басталады.

Сонда мамыр айында 18 жұмыс күні және 13 демалыс күні бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды