Бекболат Тілеухан Мәжілісте шауқат доноры мәселесін көтерді

Pixabay
Ол бір адамның бірнеше рет донор болуына тыйым салынуы керек деп санайды.

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедуралары үшін биоматериалдар донорының бірыңғай базасы болуы керек және бірнеше рет донор болуға тыйым салынуы тиіс. Бұл ұсыныс ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның атынан жолданған депутаттық сауалда айтылды. Ол бұл реттегі өз ұстанымын ЭКҰ процедурасы болашақ ұрпақтың денсаулығына кері әсер етуі ықтималдылығына алаңдаулығымен түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мен ЭКҰ донорлығы туралы мәселені көтергім келеді. Заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адамдар біздің елде донор бола алады. Ең бастысы, ер адамның дені сау және генетикалық коды жақсы болса, шауқатын өткізе береді. Ол қанша рет шауқат өткізеді, бұл оның жеке қалауы, оған қатысты шектеу жоқ. Дерекнамада оның бойы, кәсібі, сыртқы келбеті көрсетіледі, каталогты алып, өзіңізге ұнағанын таңдай бересіз, - деді Тілеухан.

Оның айтуынша, статистика бойынша жылына бір ғана клиникада 70 бала осындай жолмен дүниеге келеді.

Бұл дегеніміз, еліміздің әр түкпіріндегі 20 отбасында бір әкеден 20 бала дүниеге келгенін білдіреді. Бірақ олар өскенде бір-бірін жолықтырып, отбасын құруы әбден мүмкін ғой. Мұнда әйелдер қауымы да бар, сондықтан егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Дегенмен бір әкеден туған адамдардың үйленуіне жол бермеу, науқас балалардың санын азайту үшін, менің ойымша, бұл көтеріліп отырған өте маңызды мәселе. Сондықтан болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін мынандай ұсынысты алға тартамын: Қазақстанда шауқаттардың тек бір ғана базасы болуы керек. Донорлар сперматозоидты тек сол жерге ғана өткізуі тиіс, тек осы базадан ақпарат алыну керек, - деді депутат.

Сонымен қатар ол бір адамның бірнеше рет донор болуына тыйым салынуы керек деп санайды.

Сондай-ақ, бір адамның ұрығын екі адамнан артық қолдануға болмайды. Менің ойымша, бұл мәселеде ашықтық болуы керек, - деп сөзін қорытындылады депутат.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты