Тоқаев "Вечерний Алматы" газетін 85 жылдық мерейтойымен құттықтады

24.kz
Айта кетсек, 27 сәуірде газеттің ең алғашқы нөмірі жарыққа шыққан еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Вечерний Алматы" газетін 85 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz

Мемлекет басшысы құттықтауы газеттің өзінде жарияланды.

Айта кетсек, 27 сәуірде газеттің ең алғашқы нөмірі жарыққа шыққан еді.

"Вечерний Almaty" – Қазақстанның ең көне басылымдарының бірі. Еліміздің және Алматы қаласының тарихындағы әрбір оқиға басылым беттерінен көрініс тапты. Мерейтой – газеттің іргетасын қалаған дарынды, еңбекқор жандарды, олардың қажырлы еңбегін еске алуға тамаша себеп. Газеттің қайнар бастауында тұрған қызметкерлер отандық басылымның беделі үшін еңбек етті. Қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде газет жаңа заманға сай бәсекеге қабілеттілігін сақтап қала алды және оқырманын мойындатты", – деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев газет ұжымына табыс тіледі.

"Вечерний Almaty" қалалықтарды толғандырған мәселені көтере отырып, оған объективті түрде қарайды, кез келген мәселеге тиісті баға береді. Басылым еліміздің және қаланың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени салаларындағы мәселелерді шешуге үлкен үлес қосып келеді. Газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін, өркендей беріңіздер", – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды