Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешімімен бекітілген "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына" сәйкес 9 мамыр мерекесіне орай біржолғы төлемдер жоспарланған:
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері – 1 млн тенге көлемінде (25 адам);
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілері; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары) - 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде (708 адам);
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар;
Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары) - 35 АЕК (102 095 теңге) көлемінде (415 адам);
- еңбек ардагерлері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа да адамдар (Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар; тыл ардагерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң әйелі) – 11 АЕК (32 087 теңге) көлемінде (2695 адам).
Барлығы 3843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарланған.