Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады

elbasy.kz
Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады - Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құттықтау сөз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сайтында жарияланды.

Қымбатты отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады.

Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезіне білген күллі қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі.

Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды.

Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз.

Қазақстан халқының ырысты ынтымағы әрдайым жаңа белестерді бағындыруға жол ашады деп кәміл сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды