Қазақ билігіне айтпай, Түркия азаматтығын алған әйел ұсталды

Көліктегі полиция департаменті
Қос азаматтық фактісі бойынша Түркия азаматшасына 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласының әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзған Түркия азаматшасын анықтап, ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қазақстан Республикасы мен Түркияның қос азаматтығы бар «Стамбул-Алматы» бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген 32 жастағы әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Түркия азаматшасына 200 АЕК мөлшерінде (583 400 теңге) айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі ПД қызмет көрсету аумағында ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 124 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 6 азамат қос азаматтығы бар тұлғалар (Ресей-3, Түркия-2, АҚШ-1). Сондай-ақ, сот қаулыларымен 26 шетелдік азамат елден тысқары шығарылып, олардың барлығына 5 жылға дейін елге кіруге тыйым салынды, деп ескертеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі