Петербордағы зауыттан Toyota Camry 75 шыға бастады

kolesa.kz
Жаңа мотор орнатылған автокөліктің жылдамдығы артты.

Toyota-ның Петербордағы зауыты жаңарған Camry седанын шығара бастады. Қазақстандық сатушылар Camry 75-ке тапсырыс қабылдап жатыр. Toyota Motor Kazakhstan сәл де болса жаңарған көлікті осылай атауға рұқсат беріпті, дейді kolesa.kz.

Машинаның іші-сыртында өзгеріс байқалмайды, бірақ капот астына қойылатын үш мотордың екеуі жаңа. Машина клиенттерге екі литрлік M20A-FKS (150 а. к.), 2.5 литрлік A25A-FKS және көлемі 3.5 литр 2GR-FKS (249 а. к., 356 Нм) моторымен ұсынылады.

Жаңа қозғалтқыш қойылған машиналардың жалдамдығы артты. 2.5 литрлік мотор 199 ат күшін береді, ал автомат қорабы 8 сатылы.

Көлемі 2 литр мотор 150 ат күшіне ие, дегенмен ол вариатормен жұмыс істейді. Aisin К120 деп аталатын агрегат темір тұлпардың 2.5 литрлік моторы (2AR-FE) бар «жетпістіктен» жылдам қозғалуына мүмкіндік береді. 2.5 литрлік моторы бар Camry XV70 алғашқы жүздікті 9.9 секундта алса, жаңарған седан бұл межені небәрі 9.5 секундта еңсереді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме