Ресейлік блогерді қазақстандық депутаттардың үйінің маңына жуытпай қойған

instagram/varlamov
Оның айтуынша, форма киген ер адам оның жолын кескен.

Белгілі ресейлік блогер Илья Варламов Нұр-Сұлтанда жүгіру кезінде басынан өткен оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша, форма киген ер адам оның жолын кескен.

NewTimes.kz мәліметі жариялаған блогер картасына қарағанда бұл оқиға Керей мен Жәнібек хан көшелерінің аумағында болған.

"Жүгіріп келе жатқанмын, бір уақытта форма киген біртүрлі жігіт мені тоқтатты. Ол жағалаудың жабық екенін, ол жақта депутаттар тұратынын айтты. Үлкен қоршауға қарағанда түрме ме дерсің. Не Сіздердің депутаттарыңыз түрмеде тұра ма?" деп сұрады блогер Инстаграмға жариялаған жазбасында.

Оның дүдамал сауалына әлі ешкім ресми жауап берген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды