Назарбаев 19 мамырда Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

elbasy.kz
Қауіпсіздік кеңесі – ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтын Президент құратын конституциялық орган.

Бүгін, 19 мамырда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес отырысын өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста екі мәселе қаралады: біріншісі – армияны дамыту тұжырымдамасы, екіншісі – шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің айтуынша, бірінші мәселе бойынша үкіметпен бірге негізгі басым бағыттар, іске асыру кезеңдері айқындалды, сонымен қатар қаржыландыру мен тұжырымдаманы жүзеге асыруға әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қатысуы мәселелері қаралған.

Қауіпсіздік кеңесі – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылымды, мемлекетті қорғау мақсатында ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Қазақстанның халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері, тәуелсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін, Президент құратын конституциялық орган.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Алматыда жаңа базар ашылады