Тоқаев Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңға қол қойды

Ақорда
Негізгі құжатта аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерін тікелей сайлауын өткізу қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.

Негізгі құжатта аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерін тікелей сайлауын өткізу қарастырылған. Бұл реформа 2 345 әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдеріне әсер етеді, олардың 836-сы 2021 жылдың екінші жартысында тікелей дауыс беру арқылы сайланады.

Әкім болып 25 жастан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары сайлана алады.

ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында саяси партиялардың өту шегі 7% -дан 5% -ға дейін төмендетіліп, барлық деңгейдегі бюллетеньдерге "Барлығына қарсы" деген баған қосылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр