Оқушылар 1 қыркүйекте мектепке орала ма

inbusiness.kz
Сонымен бірге ол балалардың мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынатындығын айтты.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қандай жағдайда мектепке оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Өте орынды сұрақ, бірақ жауап мынандай: барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізге және біздің әрекеттерімізге байланысты болады, егер халықтың көп бөлігі вакцина алса және барлық санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, келесі оқу жылында қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарын, ең алдымен, әрине мектептерді ашуға болады деп үміттенеміз, - деді Аймағамбетов.

Сонымен бірге ол балалардың мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынатындығын айтты.

Біздің мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді, бірақ жалпы барлығымыз дәстүрлі оқыту форматына тезірек оралғымыз келеді. Бірақ қайталап айтамын, мұның барлығы бәрімізге, бүкіл қоғамға байланысты болады. Бірақ қазіргі кездегі мемлекет жүргізіп жатқан вакцинациялау науқаны мен эпидемияға қарсы шаралар қарқыны жаңа оқу жылында мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа оралуға үміттенуге негіз береді. Тағы да, бұл бәрімізге байланысты екенін еске саламыз, - деп қайталап министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы