Ақтауда бейтаныс адам облыстық сот кеңсесіне қомақты ақша тастап кеткен. Оны судья Ғабит Бастаубаевқа беруін өтініпті. Алайда, белгісіз кісі өзінің аты-жөнін айтпай кетіп қалған. Ал, пакетте 300 мың теңге және иіссу бар екені анықталды, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Облыстық сотының қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері күмән туғызған қорапшаны ашу кезінде қомақты ақша барын анықтады. Бейтаныс адам бұл сыйлықтарды судьяға табыстауды өтініп кетіп қалған. Бірақ, ол өзін таныстырмапты. Сот қызметкерлері қазір аталған факт бойынша тергеп тексеру амалдары басталғанын айтты. Қазіргі таңда белгісіз әйел іздестіріліп жатыр.
Гауһар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Бейтаныс азаматша келді. Судья Бастаубаевпен кездесуді сұраған. Алайда қызметкерлер оған судьялармен процессуалдық тыйым салынғаны түсіндірілген соң, қолындағы пакетті кеңсеге қалдырып судьяға беруді өтініп кетіп қалған. Ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері аталған пакетті ашып тексеру кезінде оның ішінен ақшалай қаражат және жабық қорапшада заттар бар екені анықталды. Сондықтан оқиға орнына полиция басқармасының жедел тобын шақыртты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүруде.