Биыл 7 мыңға жуық қазақ қандас мәртебесін алды

fergana.news
39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24%-ды және зейнеткерлер 19,5%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды