Шетелге шығуға тыйым тұр ма? Қалай тексеруге болады

inform.kz
Азаматтар "e-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасында тексере алады.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "e-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасында шығуға салынған тыйымды қарау бойынша сілтеменің орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Бұл сервис азаматтарға шетелге шығар алдында "e-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасында шығуға тыйым салу бойынша борышкерлер тізілімін қарау арқылы өздерін тексеруге мүмкіндік береді.

Сот орындаушылары борышкерлер тізіліміне шектеулер қою арқылы бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерлерге шығуды шектейді.

Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН нөміріңіздің тіркелуі қажет.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды "e-Salyq-Azamat" тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды