Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 09:13 Сурет: Telegram/qazavtojol
2 қараша, дүйсенбі күні Қазақстанның екі өңірінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлап, жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бүгін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жауады.

"Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың тайғақ болуы мүмкін", – деп ескертті "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Осыған байланысты жүргізушілерге:

  • ауа райы жағдайын ескеру;
  • қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
  • жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдау;
  • күрт маневр жасамау ұсынылды.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 2 қарашаға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктер Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 16 облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: